Маңғыстауда жол апатынан 2 адам қаза тапты – видео
Маңғыстауда жол апатынан 2 адам қаза тапты – видео
Фото: Lada.kz
263
оқылды

Үш көлік соқтығысқан жол апаты 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында LPG Trade газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.

Ақтаудан Мұнайлы ауданына бара жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, инкассаторлық «ГАЗель» мен  Daewoo Nexia көлігін соққан.

https://youtu.be/e1FjJKZ2WGA

Видео: Lada.kz

Жол апатынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.   https://youtu.be/8rJ2jOwa9Wo Тергеу басталды.