Ақтауда мемлекет қаражатынан 15 миллион теңгеге пластикалық гүлдер отырғызылды
Ақтауда мемлекет қаражатынан 15 миллион теңгеге пластикалық гүлдер отырғызылды
©️lada.kz
119
оқылды
Ақтауда «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы іске қосылды, - деп хабарлады lada.kz. Ақтауда көгалдың орнына мемлекет қаражатынан 15 миллион теңгеге пластикалық "Гүлді алаң" отырғызылып жатыр. «Ынтымақ» алаңындағы көгалда отырғызылып жатқан пластикалық гүлдерді шенеуніктер "Гүлді алаң" сәнді диодты жарықтандыруы деп атады. Әкімдіктен хабарлағандай, сәнді жарықтандыру жұмысын «Clover media group» ЖШС жүргізеді. Ақтау қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі онымен 16 қыркүйекте  келісімшартқа қол қойған. "Гүлді алаңның" көлемі 200 шаршы метрді құрайды. Жоба құны 15 404 000 теңгеге бағаланған. Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстар 20 қазанда аяқталады деп жоспарланған.