Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы бейнебайланыс режимінде өтті.
Жиын барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко,  Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің басшылары – Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі. />Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі ахуал бұрынғыша күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы, халықтың толық вакцина алмауы сияқты түйткілді жағдайлар әлі де бар.
<blockquote>– Қазақстан Ресей Федерациясы сияқты өз вакцинасын – QazVac екпесін әзірлей алды. Вакцина Қазақстанда жаппай салынуда. Қазір оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу үдерісі жүріп жатыр. Қарағанды қаласында ресейлік Спутник-V вакцинасын өндіру жөніндегі жобаны пандемия кезеңіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі деп санаймын. Біз пандемияны сәтті еңсеру үшін күш-жігерімізді одан әрі біріктіре түсіп, ғылым мен фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды әзірлегеніміз жөн. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, санитарлық-эпидемиологиялық режим орнату жөніндегі іс-қимылдарымызды үйлестіруіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.</blockquote>
<img src=