Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы бейнебайланыс режимінде өтті.
Жиын барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің басшылары – Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі.