Елордада инклюзивті театр ашылды
Елордада инклюзивті театр ашылды
271
оқылды

Елімізде алғаш рет ресми тіркелген инклюзивті, яғни ерек­ше жандар театры ашылды. Елордада ашылған «Қанат­тылар» атты театрда бүгінде қызу дайындық жұмысы жүріп жатыр. Осы орайда мәдени ошақ жетекшісі Арнұр Ысқақов жаңа театрдың құрылу тарихы мен алдағы жоспарларын айтты.

инклюзивті театр «Қанаттылар» инклюзивті театры биыл қаңтар айында ресми түрде тіркелді. Ал бұл театрды ашу тұжырымдасы мен негізі 2018 жылы қолға алынды. Сол жылы елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті театрлар­дың халықаралық фестивалі өтті. Аталған фестивальге көрші Ресей мен Украинадан бірнеше театр келді. Олардың негізі әріде қалан­ған және құрамы да үлкен. Содан кейін «Бізде де неге инклюзивті театр ашпасқа?» деген ой келді. Әрине, кейбір өңірлерде қоғамдық бірлестіктер жанынан кішігірім ұжым болып құрылып немесе үйір­ме ретінде жұмыс істеп жатқан ин­клюзивті шығармашылық топтар бар. Бірақ мемлекеттік деңгейде ерекше жандар театры жоқ. Сон­дық­тан да біздің театрды Қазақ­станда алғаш құрылған инклюзивті театр деп айта аламын, – деді театр жетекшісі Арнұр Ысқақов.

Мадияр ТӨЛЕУ