Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Таймерденовтың айтуынша, тергеуді прокуратура органы жүргізіп жатыр. Ведомствоаралық топ құрылған. Тергеу аяқталған соң барлық мәлімет жарияланатын болады. Бұған дейін ҰҚК Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ Алматы қалалық соты Игорь Дужновтың үйіне қатысты шешім шығарғанын жазған болатынбыз.