Хоккейден «Барыс» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылар рейтингінде көш бастап тұр.
«Спорт-Экспресс» мәліметіне сенсек, бұл тізім ойыншылардың негізгі еңбекақысын есепке алып жасалады. Ең жоғары айлық 900 миллион рубльден аспауы керек, бұл – хоккейшілердің үстемеақы мен сыйақысыз алғандағы кепілді ақшасы. Жылына 100 миллион рубль табыс табатын «Барыс» капитаны рейтингте бірінші тұр. Теңгеге шаққанда оның жылдық табысы – 597 337 300 теңге. Мамырдағы рейтингте Диц осы табысымен рейтингте екінші болған. Ол кезде мәскеулік «Динамо» шабуылшысы Дмитрий Яшкин (115 миллион рубль) бірінші тұрды. Кейін ол ҰХЛ-ге ауысқан болатын. Қазір екінші орында – «Динамоның» форварды Вадим Шипачев (95 миллион), ал үшінші орында «Салават Юлаевтың» финляндиялық шабуылшысы Теему Хартикай (90 миллион) жайғасқан.Мадияр ТӨЛЕУ