«Барыс» ҚХЛ-да қала ма?
«Барыс» ҚХЛ-да қала ма?
196
оқылды

Маусым аяқталған соң алты бірдей қорғаушы клубпен қош айтысты. Тағы екеуіне жаңа келісімшарт ұсы­нылды, бірақ олар әлі нақты шешім қабылдай қоймады.

Қазақстандық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) осы мау­сымды өткізген 4 қорғаушымен келісімшартын созған жоқ.  Маусымаралық жарақатына байланысты мұз айдынына жиі шыға алмай жүрген тағы бір­неше ойыншы да командадан кетті. Өткен маусымда «Барыс­та» 11 қорғаушы болды. Олар командада 10 және одан да көп матч өткізді. Маусым аяқталған соң алты бірдей қорғаушы клубпен қош айтысты. Тағы екеуіне жаңа келісімшарт ұсы­нылды, бірақ олар әлі нақты шешім қабылдай қоймады. Оның үстіне, клубтағы қаржы мәселесі көп нәрсеге қолбайлау болып отырған көрінеді. Ко­мандада бас бапкер де жоқ, ал оқу-жаттығу жиынының бас­талуына бір айға жуық уақыт қалды. Бас бапкер Юрий Михайлиспен келісімшарт мерзімі аяқталған. Бір сөзбен айтқанда, «Барыс» басындағы күрмеулі мәселелер аз емес. ҚХЛ – Коронавирус өзге клубтар секілді «Барысқа» да ауыр соққы болып тиді. 2020 жылдың мамырында клуб сапынан көптеген көшбасшы кетті, сол үздіктерденАбылайханАбылайхан ЖҰМАШ