Тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамаған
Тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамаған
260
оқылды

Түркістан облысы Сары­ағаш ауданына қарасты Құр­келес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақша­сының тәрбиешісі 5 жасар баланы жер­төлеге қамаған. Ал жер­төле­де ешқандай қауіп­сіздік шаралары сақ­тал­маған. Онда, тіпті от жаға­тын орын да болған екен.

«Сол күні менің үлкен балам­ның туған күні болған еді. Таңертең саябаққа апармақ болып, балаларымды алып кетуге келдім. Екінші баламды топтан алып келейін деп үлкен топқа бара жатсам, жертөледен дауыс шығады.   «Нұрислам» деп ай­қайласам, баламның дауысы жертөледен шығады, сонда қамалып отыр. Содан сіздерді шақырдым. Бұл жерде бастық кім десем, қамап отырған кісі «Мен» деді де, есікті құлыптап алды», – деді Сарыағаш ауданының тұр­ғыны Жәмилә Рахым.
Жағдайды өз көзімен көрген баланың анасы құқық қорғау орындарына арызданған. Алайда балабақша тәрбиешісі өзінің кінәсін мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұрапты. Ал балабақша құрылтайшысы бұл мәселе бойынша шара қол­данылатынын айтты. Осы оқиға­дан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған.
«Мені кешіріңіздер. Барша халықтан кешірім сұраймын. Баланы жертөлеге кіргізгенім рас. Бәріңіз кешіріңіздерші, өтініш сіздерден. Мұндай жағдай бұдан кейін болмайды», – деді «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі Гүлмира Мұстафаева.                                                            

М.ХАҚНАЗАР