Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды
Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды
Сурет: stux
254
оқылды

Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.
"Алдын-ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған", - дейді құқық қорғау органдары өкілі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.