Елордада қыз тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды
Елордада қыз тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды
Сурет: © CC0 / Michael Schwarzenberger

Нұр-Сұлтан полициясы аялдаманы, сондай-ақ екі көліктің терезесін кірпішпен сындырған бұзақының ұсталғаны туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бөгенбай батыр даңғылында тәртіп бұзушының жүргені туралы хабарлама полицияға түнде түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қыз ұсталғанға дейін аялдаманың терезелерін, сондай-ақ Toyota Corolla және Nissan автокөліктерінің әйнегін кірпішпен шағып үлгергені анықталды. Аталған дерек негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын мөлшері анықталып жатыр", - дейді Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.