Мұз басқан Еуропадан бу бөлінеді
Мұз басқан Еуропадан бу бөлінеді
'@NASA ролигінен жасалған скрин
388
оқылды
"Еуропаның бетін тегіс мұз басып тұрғанын ескерсек, бұл бу сол сірескен мұздың астындағы тұзды мұхиттан сыртқа бөлініп жатса керек", — дейді ғалымдар. Мұны телескоптың объективіне іліккен плюмдерден байқауға болатын көрінеді. Жердің бетінде де осыған ұқсас құбылыс болып тұрады. Мұздағы жарықшақтар арқылы будың сыртқа шығуын гейзер деп атайды. 

Бұған дейін зерттеушілер Юпитер серігінің атмосферасында жиналған бу Еуропаның бетіне қайтіп қар күйінде түседі деп болжаған еді. Ал енді Швециядағы Технологиялар, ғарыш физикасы және плазмалар корольдік институтының ғалымы Лоренц Роттың пайымдауынша, Еуропа атмосферасына жайылған бу оның бір жартышарында ғана кездеседі.  [caption id="attachment_166287" align="alignnone" width="1200"] width= Ортадағы кішкентай — Юпитердің серігі Еуропа.[/caption] Мұндай қорытындыны ол 1999, 2012, 2014 және 2015 жылғы «Хаббл» телескопы түсірген суреттердегі мәліметтерге сүйене отырып жасайды. Еуропаның бетінде үнемі будың бөлінуі — ерекше құбылыс. Өйткені мәңгі мұз басқан спутниктегі температура Цельсий бойынша 160 градусқа дейін нөлден төмен.