Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Photo by Jeff Bottari/Zuffa LLC)
152
оқылды
Анголалық аралас жекпе-жек файтері Манел Капе UFC-де қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездесуінің алдында кезекті мәлімдемесін жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Мұның алдында ол қарсыласын бешбармаққа теңеп, жеп қоямын деп сес көрсеткен. Бұған Жалғас мұндай қорқытулар өтпейтінін айтып жауап берген еді. Бірақ Капе мұны түсінбеген сияқты. "Мына оң тізем қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсан қазақтарды тізеге отырғызамыз", – деп жазыпты Манел Instagram желісіне жаттығудағы суретін жария етіп.