Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды. Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды. Ғарыш кемесі Жезқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды. Оларды "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды. Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.Тұңғыш киноэкипаждың сапары
5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-18" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-18" орбитасына жеткізіледі. "Союз МС-18" кемесінің капитаны ғарышкер – Антон Шкаплеров. Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған. "Вызов" – бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.