Балқаш көлі маңында ұшақ апатқа ұшырады
Балқаш көлі маңында ұшақ апатқа ұшырады
Алматы облысы Балқаш көлі маңында жеңіл моторлы Cessna 182 ұшағы апатқа ұшырады.
"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесі чартерлік рейс орындаған. 11.15-те Қарағанды брифингіне әуе күштері алаңынан ұшу кезінде ұшақ аударылып кеткені, бортта 1 экипаж мүшесі, 1 жолаушы болғаны, олардың ешқайсысы зардап шекпегені туралы хабарлама келіп түсті", – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Әуе кемесі командирі ұшақ толық бұзылғанын және дәрігерлердің көмегі қажет емес екенін айтты.