Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, түнде «Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін тоқтатты.
Жарақат алған полицей ауруханаға жеткізілді.Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров: «Полицейлердің талабына мән бермеген көлік жүргізушісі қаша жөнелген. Бірден радиостанция арқылы патрульдік жасақтарға көлікті тоқтату үшін тапсырма берілді. Талғар қаласына баратын экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев көлік иесін тоқтатуға тырысты, ол тоқтамастан, инспекторды толық жылдамдықпен қағып кетті», – дейді.
Тәртіпке бағынбаған Hyundai жүргізушісі 1962 жылы туған У. есімді тұрғын екені анықталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.