Полицейлер жоғалған баланы арықта ұйықтап жатқан жерінен тапты
Полицейлер жоғалған баланы арықта ұйықтап жатқан жерінен тапты
Фото: nur.kz
253
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше,  шамамен түнгі сағат 23:30-да Сайрам аудандық ПБ-ға баласы жоғалған әйел көмек сұрап хабарласқан.

Тоғыз жастағы бала күндіз ойнауға кетіп, кешке келмеген. Анасы баласын ары-бері іздеп таппаған.

Полицейлер 1 сағат ішінде жоғалған баланы тапты. Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұржан Думбаев, баланың үйінен 3 көше ары орналасқан арықта ұйықтап жатқан жерінен тапқан.

Баланың анасы полицейлерге алғыс айтты.

Бұған күшігін құтқармақ болып, өрт ортасында қалып қойған балалар туралы жазған болатынбыз.