Павлодар облысы Ақтоғай ауданында көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпкер сұрыптаудан өтпеген ірілі-ұсақты картопты ауыл шетіне төгіп тастауда. Жергілікті тұрғындар өз қалауынша тау боп үйілген картопты үйлеріне тасып жатыр. Еріншек кәсіпкердің әрекеті жайында Оңғар Қабден Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
Журналист Оңғар Қабденнің сөзінше, жергілікті кәсіпкер күніне 7-8 КАМАЗ картопты ауыл шетіне әкеліп төгіп кетеді. Мұны естіген ауыл тұрғындарынан бөлек, тегін картоп үшін қаладан да келушілер көбейген.Оның сөзінше, арғы жақта – көкөніс қоймасы. Экспортқа шығатындары сол қоймаға төгіледі. Ал мынау одан өтпей қалғаны екен. Осы кәсіптің арқасында жергілікті кәсіпкер ауылдың 500-дей адамын жұмыспен қамтып отыр. Тіпті, жақында Тереньтев ауылының шетінен сүт өндіретін зауытты іске қоспақ.“Мына үйілген жотаны басында топырақ екен деп қалғанмын. Сөйтсем, картоп екен. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында Тереньтев деген олигарх бар. Бүкіл ауданның жеріне картоп пен сәбіз егеді. Сорттаудан өтпеген, топырақ араласқан картошканы ауылдың шетіне әкеп, төгіп жатыр. Күніне жоқ дегенде 7-8 КАМАЗ әкеледі. Тегін!" деп жазылған.