Көмірді тұрғындарға дер кезінде жеткізіп беру мәселесі қаралды
Көмірді тұрғындарға дер кезінде жеткізіп беру мәселесі қаралды
443
оқылды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы ірі көмір разрездері өкілдерімен кезекті көшпелі кеңес өткізді. Кездесуде Шұбаркөл және Қызылжар жүк тиеу станцияларын инфрақұрылымдық дамыту, сондай-ақ көмір тиеуге қажетті жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және ашық вагондарды ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды, - деп хабарлады railways.kz. «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінде көмір разрездерінің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрам жеткілікті. Қатты отынды тасымалдауға 35 мың түрлі меншік нысанындағы жартылай вагон тартылып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ 13 мыңнан астам бірлік вагон ұсынса, бұл қолданыстағы парктің 66%-ын құрайды. Кеңес барысында жүк жөнелтушілерге ашық вагондардың жүк операциялары барысында тұрып қалуы уақытын және олардың айналымын азайту ұсынылды. Ағымдағы жылдың 9 айында қазақстандық тұтынушыларға 53 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% жоғары. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге, өндіруші кәсіпорындарға кірме темір жол құрылысы перспективаларын қарау бойынша тапсырмалар берілді.  width=