Қазақстандық жас дзюдошылар Словенияда 11 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық жас дзюдошылар Словенияда 11 алтын медаль жеңіп алды
280
оқылды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы Словенияда өткен Еуропа кубогінен 11 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Аталған жарысқа Қазақстан сапынан 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірім дзюдошылар қатысты. Еуропа кубогі кіші және үлкен жасөспірімдер арасында өтті. Нәтижесінде ел құрамасы 11 алтын, 15 күміс және 13 қола жүлдені жеңіп алып, жарысты медаль кестесінде бірінші орынмен аяқтады. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар: Алтын Али Санжар (50 кг) Орынбасар Талғат (55 кг) Байкенжеев Аян (60 кг) Алтай Акбар (66 кг) Кәрім Асылжан (81 кг) Ахет Дамир (+90 кг) Өтепқали Зере (40 кг) 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар: Алтын Елжан Серікбол (42 кг) Дидар Аманжол (60 кг) Темірлан Кенжалиев (66 кг) Дамеля Асылханова (52 кг)