Тараздық тұрғын балконда қалып қойған 6 жасар қызды құтқарып қалды
Тараздық тұрғын балконда қалып қойған 6 жасар қызды құтқарып қалды
Фото: Видеодан
145
оқылды
Таразда ер адам кішкентай қызды құтқару үшін төртінші қабатқа өрмелеп шықты. Әлуметтік желіде осы сәттің видеосы пайда болды. Полиция мәліметінше, оқиға 15 қазанда болды. Алты жасар қыз балконға шыққанда, пәтердің есігі жабылып, сол жерде қалып қойды. Өтіп бара жатқан тұрғын қыздың жылап отырғанын ести сала оны құтқаруға кіріседі.
"Азамат төртінші қабатқа еш сақтандырусыз өрмелеп шығып, қызды құтқарады. Үйдің есігін ашып, анасы келгенше жанында болған", – дейді Жамбыл облысы полиция департаментіндегілер.