Әділхан Ержанов Швециядағы Hope International Film Festival кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
Оған бұл жүлде «Сары мысық» фильмі үшін берілді. Сондай-ақ аталған туынды Верона (Италия) және Брюггеде (Бельгия) өткен екі кинофестивальда «Үздік фильм» номинациясымен марапатталды. Фильмде қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасы баяндалады. Жас Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралып, қатыгез заңдары бар қылмыстық топ сол жерде билік жүргізіп жатқанын көреді. Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен жаман жолға түседі. Ал Кермек болса қылмыс торына шырмалады. Алайда оның арманы – сүйіктісімен бірге бұл қиындықтан өтіп, кинотеатр салу. Ол мақсатына қандай жолмен болса да қол жеткізгісі келеді. «Сары мысық» фильмі Zerde FILMS компаниясы Short Brothers, Arizona Productions (Франция) компанияларының, «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілген.А.ЖАНАСЫЛ