«Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық та заңсыз жүрген» – СІМ
«Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық та заңсыз жүрген» – СІМ
Фото: ru.forexmagnates.com
183
оқылды

Сыртқы істер министрлігі екі қазақстандықтың арасындағы жанжалға қатысты хабар таратты, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Биыл 12 қазанда Чонджуда (Корея Республикасы) Қазақстанның екі азаматы арасында жанжал болып, нәтижесінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды» делінген Қазақстан СІМ-нің ресми хабарламасында.

Күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторында жатыр. Екі қазақстандық та Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген.

Марқұмның мәйітін Қазақстанға жіберу мәселесі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.