Кеше Шымкентте қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын.
Кеше полицияға Рысқұлов көшесінде орналасқан қоқыс жәшігін тазалаған «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-ның жұмысшылары жаңа туған сәбидің мәйітін тапқанын хабарлаған.Шымкентте қоқыстан табылған сәбидің анасы 1996 жылы туған әйел болуы мүмкін. Полиция күдікті әйелді ұстады.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында күдікті 1996 жылы туған әйел полицияға жеткізілді.
18 қазан күні қоқыстан табылған сәби туралы хабарлаған болатынбыз.