5 өңірде ескерту жарияланды
5 өңірде ескерту жарияланды
© egemen.kz
197
оқылды
Ертең еліміздің 5 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 20 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 20 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде арты шаңды дауылға айналуы мүмкін. 20 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 20 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. 20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.