Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы белгілі болды
Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы белгілі болды
168
оқылды
Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мас жүргізуші қағып кеткен полицей 17 қазанда №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 23:40-та жеткізілген.
"Науқастың екі аяғы сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", – деді басқарма өкілдері. 
Еске салайық, кеше, 18 қазанда Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен болатын. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнде "Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін тоқтатқан. Түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.