Cаммитке даярлықты пысықтауды тапсырды
Cаммитке даярлықты пысықтауды тапсырды
156
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азия­дағы өзара іс-қимыл және се­нім ша­­­ра­лары жөніндегі кеңеске Қа­зақ­­­стан төрағалығының бірінші жы­лының қоры­тын­дылары тура­лы мә­лімет берілді. Осы ретте, АӨСШК Хатшы­лы­ғының атқарушы ди­ректоры Қайрат Сарыбай Мемлекет бас­шы­­сына Ақыл­мандар кеңесін құ­ру­ға және АӨСШК-тің Талдау ор­­та­лықтарының форумын тұрақ­ты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бас­­тамаларының іске асырылуы ту­ралы мәлімет берді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясын­да Азия аумағындағы сенім мен ын­тымақтастықты нығайтуға ба­ғыт­талған 50-ге жуық іс-шара өт­кі­зілгені туралы айтылды. Бұдан бөлек, Қайрат Сарыбай Мем­лекет бас­шы­сына кеңестің сыртқы саяси ведомство басшы­лары­­ның жуырда болған кездесуі­нің негізгі қоры­тын­дылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өте­тін АӨСШК-тің VI Саммитіне дайын­дық жұмыстары туралы баян­дады. Қазақстан Президенті жоғары дең­­гейдегі алдағы жиынға тия­нақ­­ты дайындалудың, соның ішін­де маңыз­ды мәселелер мен ұйым­­дас­тыру жұмыстарын пы­сық­таудың маңызды екеніне баса мән берді.