Шетелдегі футболшылар шетте қалмаса екен
Шетелдегі футболшылар шетте қалмаса екен
© stan.kz
538
оқылды

Қазақстанда жергілікті фут­болшылардың шетел біріншілігіне ауысуы – некен-саяқ құбылыс. Бір немесе екі жылда үш-төрт футболшымыз қыр асса, қуанамыз. Біздің футболшыларға лига ауыстырғаннан бөлек жаңа командасының сапында негізгі орыннан орын алу­дың өзі оңайға түсе қоймай­ды. Сондықтан тәуекел ет­кен­дердің көбі өзге елде өз­дерінің қарым-қабілетін то­лық көрсете алмай, Қазақ­стан­ға ерте оралады.

Рас, Еуразиялық экономика­лық одаққа мүше елдердің спортшылары бір-бірінің чемпионаттарында легионер саналмайтын болған соң отандық аяқдоп­шыларға шетел асатын үлкен мүмкіндік туды. Бірақ оның өзін пайдаға асыра алмай жүргендер қаншама? Бірер жыл бұрын осы қаулы күшіне енген сәтте бірқатар футболшыларымыз біріншілік ауыстыру мақсатында жан-жаққа кеткен. Көп өтпей тең жартысы елге қайтып келді. Олардың арасында Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Исламбек Қуат, Абат Айымбетов, Ян Вороговский, Рамазан Оразов, Самат Сәрсенов секілді мақтаулы ойыншылар да бар. Яғни, басқа біріншілікке тұрақтаған футболшыларымыз саусақпен санарлық. Ендігі кезекте басқа елдің чем­пионатында бағын сынап жүр­ген бірқатар отандық футбол­шыларға тоқталайық. «Баха» деп мақтауын асыратын Бақтиер Зайнутдинов аз уақытта мәскеулік «ЦСКА» командасының негізгі құрамының ойыншысына айналды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Шеткин өт­кен маусымда алған жарақатынан соң ресейлік «Ротор» коман­дасының қосалқы құрамынан мықтап орын алды. Қорғаушымыз Марат Быстров грозныйлық «Ахматта» жақсы ойынымен көзге түсіп жатыр. Бастысы, бас бапкер оған сенім артады. Роман Мұр­тазаев пен Акмаль Бақтияров ФНЛ-да ойнайды. Бірі – Балтикада, бірі – Олимп-Долгопрудныйда. Екеуі де аталған біріншілікте гол да соқты. Ал Георгий Жуков польшалық «Висла Краковта», Владислав Васильев өзбекстандық «Андижанда», Тимур Рудосельский армениялық «Севанда», Максим Грек тәжікстандық «Худжандта» бағын сынап жүр. Әйелдерден Юлия Мясникова ЦСКА-да, Аида Гайстенова «Енисей» сапында өнер көрсетеді. Бұл шетелдік клубтарға көз тіккен футболшылардың бір парасы ғана. Бұдан өзге де аса танымал емес біріншіліктерде өнер көрсетіп жүрген футболшыларымыз баршылық. Жақын уақытта олар да жарқырап шы­ғып, қазақстандық футболшы­лардың абыройын асқақтып жатса таңғалмаймыз. Сол себепті алдағы футбол маусымында біз атап өткен ойыншылар қатары арта түсуі әбден мүмкін. Біз өз кезегімізде Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиевтен ел біріншілігінде ойнап жүрген қазақстандық футболшылар арасында қай ойыншының деңгейі шетелде ойнауға жететінін сұрадық. Ол Бақтиерден басқа көп футболшымыздың Ресейде ойнауға деңгейі жетің­кіремейді деп жауап берді. Бауыржан – Бауыржан Исламхан ойнар еді. Әттең, допинг дауына ілігіп қалды. Негізі, оның қабілеті толық жетеді. Баторимен бір клубта ойнаған Исламбек Қуат барып еді, ойнай алмай қайтып келді. Қуат ертерек барғанында мүмкін ойнап кетер еді. Құрама­мыздың үздігі саналған Шом­коның да Ресей біріншілігінде жолы болмады. Абат Айымбетовке де шетелден біраз ұсыныс түскенін білемін. Ресей біріншілігінде де қаралымда болды. Бірақ айналып келіп өз біріншілігімізге қайта оралды. Ал біздің біріншілікте жүрген футболшылардан Стас Покатилов пен Нұралы Әліп Еуропаның ортаңқол клубтарда ойнауға шама-шарқы жетеді. Ұсыныс түссе бас тартпай, шетел асу керек Артур Шушеначевке де біздің біріншіліктен кеткен жөн. Одан өзге Айбол Әбікен, Гафуржан Сүйінбаев, Асхат Тағыбергеннің ойынын көп мамандар мақтайды. Олар да шетелде бағын сынап көрсе дейсің. Мужиков пен Нұрғалиевтер тәжірибелі ойыншылар болғанымен, жастары біразға келді. Қазір Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бір-біріне легионер саналмайтыны жақсы болды ғой. Сондықтан біздің футболшыларға ендігі кезекте басқа елдің чемпионаттарында өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтап, Қазақстан құрамасы­ның деңгейін көтергендері жөн. Уақытында кетпесе, бұрынғы ағалары секілді өз елімізде қалып қояды, – деп сабақтады сөзін Юсуп Шадиев. фудболшы. Ал петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубының қақпа­шысы Алмат Бекбаев Қазақстан чемпионатында жақсы маусым өткізген үш қазақстандық ойыншыны ерекше атады. Футболшы олардың Еуропада ойнап кететініне бек сенімді. – Шетелде ойнап жүрген қазақ­стандық футболшылардың арасында Бақтиер Зайнудтинов пен Георгий Жуковтың өнерін жоғары бағалауға болады. Екеуі де мақтаулы ойыншылар. Бірі Ресей біріншілігінде, бірі Поль­ша­ның жоғарғы лигасында ойнайды. Өзге отандық жас аяқдоп­шылар осы екі футболшыға қарап үлгі алса дейсің. Елордалық «Ас­тана» сапында жақсы маусым өт­кіз­ген Абат Айымбетов, алма­ты­лық «Қайрат» командасында қаншама мықты легионерлердің арасынан суырылып алға шығып, негізгі құрамнан орын алған, нә­ти­желі ойынымен көзге түскен Артур Шушеначев, «Қызыл-Жар» сапында қорғаныста ойнайтын Әлібек Қасым да жақсы футболшы. Орталық қорғаушы бола тұра осы маусымда қазақстандық бір­қатар шабуылшылардан көп гол соқты. Осы үш футболшыны келесі маусымда шетел біріншіліктерінен көргім келеді, – дейді Алмат Бекбаев. фудболшы Иә, расымен футболшы үздік лигаларда өнер көрсету арқылы дең­гейін көтере алады. Ол – әлем­дік футболда дәлелденген тәжірибе. Әрі ондай ойыншылар ұлттық құраманың жоғары жетіс­тікке қол жеткізуіне де септігін тигізеді. Бір ғана өзбек­стан­дық шабуылшы Шомурадовтың өзі құра­масын қалай алға сүйреп жүр? Әйгілі португал маманы Жозе Моуриньо жаттықтыратын италиялық «Романың» сапында нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүрген шабуылшы мұнымен тоқтап қалмасы анық. Туриндік «Ювен­тус» қызығушылық таныт­қан ойыншыға әлі-ақ «Реал», «Барселона», «Челси» секілді үздік клубтар таласады. Бізден осындай еңбекқор, талантты футболшылар қашан шығар екен? Әзірге бір ғана Зайтутдиновке сенім артып отырмыз. Алдағы уақытта қай ойыншымыз Еуропаға шығуға қауқарлы? Тек ауысып қана қоймай негізгі құрамға еніп, өзге ұлттың футболшылары секілді жарқ етерме екен?

Абылайхан ЖҰМАШ