«Сүйіктісін қызғанған» – полицейлер 2008 жылы адам өлтірген әйелді ұстады
«Сүйіктісін қызғанған» – полицейлер 2008 жылы адам өлтірген әйелді ұстады
Фото: polisia.kz
177
оқылды

Рolisia.kz-тің жазуынша, полицейлер он жыл бұрынғы кісі өліміне күдікті әйелді ұстады.

2008 жылдың сәуір айында «Аягөз-Қарағанды» тас жолының бойында 35 жастағы Аягөз ауданы тұрғынының мәйіті табылды. Сол уақытта қылмысты ашу үшін алғашқы тергеу нәтижесіз болған. Себебі, күдіктінің жеке басын анықтау мүмкін болмады. Үздіксіз іздестіру нәтижесінде, биыл қазан айында полицейлер күдіктіні ұстады.

Олар Риддер қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті дәлел мен айғақты көргеннен кейін қылмысын мойындады.

Әйелдің айтуынша, қылмыс жасауға сүйіктісіне деген қызғанышы болған. Сүйіктісін қызғанған күдіктінің жәбірленушіні пальтоның белбеуімен қылқындырып өлтіргені анықталды.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов: «Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Егер ол кінәлі деп танылса, оған 20 жылға дейін жаза немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – деді.