Білім және ғылым министрлігі Түркістанда қайтыс болған 5-сынып оқушысына қатысты пікір білдірді
Білім және ғылым министрлігі Түркістанда қайтыс болған 5-сынып оқушысына қатысты пікір білдірді
233
оқылды
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Түркістанда мектеп дәретханасындағы төбелестен кейін көз жұмған оқушыға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Сөзсіз, баланың өлімі – өте үлкен трагедия. Бұл жағдай белгілі болған соң, бірден Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Түркістан облысына аттанды. Қазір де олар сонда жұмыс істеп жатыр. Бұл факті бойынша тиісті органдар тергеу шараларын жүргізуде. Қорытындысы бойынша біз де хабарлайтын боламыз. Менің ойымша, қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Мұнда тиісті органдар тергеу жұмыстарын аяқтауы керек. Сонда ғана шешім қабылданады. Оқушылар арасындағы алым-салық туралы пікірлерге келсек, біз, Білім министрлігі, ата-ана тарапынан да, мектеп ішінде де алым-салыққа жол бермеу керектігін айтамыз. Мұндай фактілер түбегейлі болмауы керек, әр фактіні жеке қарастырып, ең қатаң шаралар қабылдануы керек», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Түркістанда мектеп дәретханасындағы төбелестен кейін 5-сынып оқушысының көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.