Алматыда жоғалған 8 жасар оқушы табылды
Алматыда жоғалған 8 жасар оқушы табылды
Фото: Sputnik.kz
129
оқылды
Алматыда жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
«Бала табылды, аман-есен және дені сау. Біздің қызметкерлер жеткіншекті ата-анасына тапсырады. Үйден кетуінің себебі – далада серуендегісі келген екен. Солай деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол 20 қазан түнгі сағат үште, ата-анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен.