Есікті құлыптауды ұмытқан көршісінің үйіне ұрлыққа түскен әйел ұсталды
Есікті құлыптауды ұмытқан көршісінің үйіне ұрлыққа түскен әйел ұсталды
Фото: 7-su.kz
128
оқылды

Балқашта 61 жастағы тұрғын пәтеріне түнде ұры түскенін айтып, полицияға арызданған. Рolisia.kz-тің жазуынша, ұры ұсталды.

«12 қазанда Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші түнде пәтердің есігін құлыптауды ұмытып кеткен. Соны пайдаланған белгісіз біреу 65 мың теңге тұратын ноутбукты ұрлап кеткен. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді полицейлер.

Жедел іздестіру нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 46 жастағы әйелді ұстады. Әйел ұрлық жасағанын мойындады.