Ол Ұлттық Олимпиада комитетінде қандай қызмет атқаратынын нақтыламады.
Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын, – деді Серік Сәпиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.
Сұхбат барысында Динара Сәтжан Серік Сапиевтен Халықаралық Олимпиада комитетінде жұмыс істегісі келетіні туралы сұрады.
Мен бұл туралы ойламадым. Бірақ тұтастай алғанда, халықаралық ұйымдағы жұмыс елдің, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін арттырады. Ойлануға тұрарлық, неге болмасқа?!, – деді экс-шенеунік.
Ол сонымен бірге 2022 жылы Қазақстанда Серік Сәпиев атындағы бокс мектебін ашуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бұған дейін Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен өз еркімен кеткенін жазған болатынбыз.
https://www.youtube.com/watch?v=1ueclmjgNnU&t=755s