Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа (Сербия) аттанады, - деп хабарлайды vesti.kz.
Бұл турнирге бармайтын Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына команда капитаны ретінде екі Олимпиадаға қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов таңдалды.
Қазақстан құрамасы:
48 келі - Теміртас Жүсіпов;
51 келі - Сәкен Бибосынов;
54 келі - Махмұд Сабырхан;
57 келі - Серік Теміржанов;
60 келі - Саматәлі Төлтаев;
63,5 келі - Санатәлі Төлтаев;
67 келі - Абылайхан Жүсіпов;
71 келі - Асыланбек Шымбергенов;
75 келі - Нұрқанат Райыс;
80 келі - Нұрбек Оралбай;
86 келі - Бек Нұрмағанбет;
92 келі - Айбек Оралбай;
+92 келі - Нұрлан Сапарбай.
Сонымен бірге бапкерлер штабының құрамы да өзгерді. Осылайша бас жаттықтырушы Нұркен Аңдасов болады. Штаттағы бапкерлер: Ғани Әшкеев, Талғат Жақпеков, Максат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин және Нұржан Насанов.