Әлем чемпионаты: бокстан ұлттық құраманы жаңа капитан бастап барады
Әлем чемпионаты: бокстан ұлттық құраманы жаңа капитан бастап барады
Фото: Хабар 24
Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа (Сербия) аттанады, - деп хабарлайды vesti.kz.
Бұл турнирге бармайтын Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына команда капитаны ретінде екі Олимпиадаға қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов таңдалды. Қазақстан құрамасы:
  • 48 келі - Теміртас Жүсіпов;
  • 51 келі - Сәкен Бибосынов;
  • 54 келі - Махмұд Сабырхан;
  • 57 келі - Серік Теміржанов;
  • 60 келі - Саматәлі Төлтаев;
  • 63,5 келі - Санатәлі Төлтаев;
  • 67 келі - Абылайхан Жүсіпов;
  • 71 келі - Асыланбек Шымбергенов;
  • 75 келі - Нұрқанат Райыс;
  • 80 келі - Нұрбек Оралбай;
  • 86 келі - Бек Нұрмағанбет;
  • 92 келі - Айбек Оралбай;
  • +92 келі - Нұрлан Сапарбай.
Сонымен бірге бапкерлер штабының құрамы да өзгерді. Осылайша бас жаттықтырушы Нұркен Аңдасов болады. Штаттағы бапкерлер: Ғани Әшкеев, Талғат Жақпеков, Максат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин және Нұржан Насанов.