"Аш және тоңып қалған": Павлодар облысында анасы өз балаларын тастап, кетіп қалған
"Аш және тоңып қалған": Павлодар облысында анасы өз балаларын тастап, кетіп қалған
© stocksy.com
156
оқылды
Павлодар облысында әйел өз балаларынан қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысының аудандық полициясына жергілікті мектеп мұғалімдері шағым түсірді, олар бір отбасынан шыққан екі оқушы бірнеше күн себепсіз сабаққа қатыспай жатқанын айтқан. Полиция қызметкерлері дереу осы отбасының үйіне барды, бірақ үйде ешкім болған жоқ. Тәртіп сақшылары әйелдің жесір екенін және белгісіз бағытта кетіп, 10 мен 7 жасар қыздарын үйде жалғыз қалдырғанын анықтады. Үйде тамақ болмаған, пеш жағылмай, үй қатты суып кеткен. Сондықтан кешке анасын күтуден үміт үзіп, аш, қатты тоңған балалар ағасына қоңырау шалып, анасының жоғалып кеткенін айтқан. Туысы балаларды үйіне апарып, полицияға әйелдің жоқ екенін және 3 күн бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған.
– Біз қыздардың анасын іздедік. Іздеу нәтижесінде әйел Ақсу қаласындағы досының пәтерінен табылды. Ол мас күйде болды, – деп түсіндірді Павлодар облысы Успен ауданының ювеналды полициясының аға инспекторы Дамира Букаева.
Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін осы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал сотқа жіберілді, сонымен қатар ананың мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы қарайтын болады. Полиция бұған дейін отбасы Ақсу қаласында тұрғанын, онда да 2020 жылдың ақпан айында қыздардың анасы полицияның назарына іліккенін хабарлады. Ол үйінен кетіп, балаларын бірнеше күнге жалғыз қалдырып, сол үшін ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Содан кейін сотта әйел балаларын алып кетпеуін өтінді, жұмысқа орналасуға және балаларды бұдан былай қалдырмауға уәде берді. Шынында да, әйел қыздарының тәрбиесімен айналыса бастады, жұмыс істеді, содан кейін ауданға көшті.