Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен – хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдық көрсетті – 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю – Фабрис Мартенмен таласады.Э.ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ