Жамбылда жылқыны қаққан көлік жүргізушісі қаза тапты

Жамбылда жылқыны қаққан көлік жүргізушісі қаза тапты

Жолда көлік жүргізушісі жылқыны қаққан.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota camry маркалы автокөліктің жүргізушісі Тараздан Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.

«Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған 2 жолаушы Қордай ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», – деді полицейлер.

Бұған дейін жол апатынан 6 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.