Жылап тұрған қызды көрген жас жігіт көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатына өрмелеп шығып, балконға қамалып қалған кішкентай қызды құтқарды.
Қыз өз пәтерінің балконына шыққан сәтте артындағы есік жабылып, қайтып кіре алмай қалған. Сол сәтте өтіп бара жатқан жас жігіт жылап тұрған кішкентай қызды көріп, басын қатерге тігіп, 4-қабаттағы үйдің балконына өрмелеп шығып, есікті ашқан.«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді. Қазіргі уақытта Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің басшылығы жас жігітті марапаттау мәселесін қарастыруда» делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін көпірден секірген жүкті әйелді құтқарған полицей туралы жазған болатынбыз.