Таразда 20 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды алдап алған әйел ұсталды – видео
Таразда 20 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды алдап алған әйел ұсталды – видео
Фото: polisia.kz

Полицияға Жамбыл ауданының 42 жастағы тұрғыны арызданған.

Ол биыл мамыр-шілде аралығында алтын бұйымдар сатуға «көмектесемін» деген әйелге 20 миллион теңге тұратын зергерлік бұйымдарды бергенін айтқан.

Жедел іздестіру нәтижесінде, полиция 31 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдікті әйел кінәсін мойындады. Тергеу басталды.   https://youtu.be/cA-lBAeGPsI

Бұған дейін жер аламын деп алданған тұрғын туралы жазған болатынбыз.