Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында арнайы операция өткізді.https://youtu.be/AcTDM1ekrwsДепартамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов: «Бұған дейін бірнеше мәрте сотталған Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны қыркүйек айында шаруа қожалығының иесін қорқытып, 30 млн теңге бопсалағаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті ақшаны алып жатқан сәтте ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын айғақ заттар алынды», – деді.
Бұған дейін жалақы сұрап келген жұмысшысын мылтықпен атып тастаған кәсіпкер туралы жазған болатынбыз.