Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың “QazForum-2021” V форумы өтеді
Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың “QazForum-2021” V форумы өтеді
477
оқылды

5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» атты қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.

Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондайқ бейресми кездесулер өткізеді.

Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиатрендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Форум қонақтары мен спикерлері:

• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;

• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;

• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ«Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;

• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары

• Әлішер ЕЛІКБАЕВжурналист, PR маманыкәсіпкерAstana Group президентінің кеңесшісі;

Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарматөрайымының орынбасары

• Марат ОРАЛҒАЗИНшоумен, сценарист, режиссер жәнепродюсер;

• Ерболат БЕДЕЛХАН, әншіпродюсер;

• Айзат ҚҰСАЙЫНОВ, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;

• Алмас ЖАЛИ, продюсер, «Brave Talents» продюсерлікорталығының негізін қалаушы;

• Асхат ХАЛИМОВ, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT»негізін қалаушы;

• Ғалымжан КЕНШІЛІК, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;

• Абай СЕРҒАЗИЕВ, GALAMAT MEDIA басшысы;

• Өркен КЕНЖЕБЕК, блогер, тележүргізуші;

• Думан СМАҚОВ, factcheck.kz сайтының бас редакторы;

• Айсана АШИМ, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры

Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттеріdudeontheguitar және YENLIK.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШтың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.