Бейжіңде шорт-тректен лицензиялық әлем кубогының бірінші кезеңі жалғасуда. Екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының мүшесі ширек финалға өтті.
1 000 метрге жүгіруден сынға түскен Әділ Ғалиахметов ¼ айналымға жолдама алды. Әйелдер арасында бұл қашықтықта Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Алайда ол бірінші кезеңнен ары аса алмады. Сондай-ақ эстафетадан сынға түскен Қазақстан әйелдер және ерлер командасы жартылай финалға өткен жоқ. Осы орайда ерлер командасы мәреге жеткенге дейін үздік болғанын айта кету керек. Өкінішке қарай, соңғы сәтте Италия құрамасы озып кетті. Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша ширек финалға шықты. Ал 1 500 метрде жартылай финалға Әділ Ғалиахметов пен Нұртілек Қажығали жолдама алды.Әбілмансұр ЖАСАН