Биыл қамбалар жартылай бос қалды

Биыл қамбалар жартылай бос қалды

Қазақстанда астық жи­нау аяқталды деуге бо­ла­ды: 22 қазандағы жағдай бойынша 15,8 млн гектар­дан дәнді және дәнді-бұр­шақты дақылдар жинал­ды, ал бұл еліміздегі бар­лық егістіктің 99,7%-ы. Ор­таша өнімділік гекта­ры­на небәрі 10,2 центнер­ден айналды. Жалпы ал­ғанда, биыл 16,1 миллион тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы – бидай.

Сондай-ақ 1,6 млн тонна май­лы дақыл, 3,8 млн тонна кар­топ, 4,6 млн тонна көкөніс да­қыл­дары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Негізгі астық егетін өңірлер – Ақмола, Қостанай және Сол­түстік Қазақстан облыстарының үлесі – 11,6 млн гектар. Бұларда егін ору науқаны аяқталып, 100% жиналған. Орташа шығымдылық бар-жоғы 8,8 центнер болып, 10,1 млн тонна бастырылды. Са­лыстыру үшін айтсақ, биыл Бе­ларусь пен Украинада астық шы­ғымдылығы әр гектардан 35-40 центнерден айналған. Егін жинау жұмыстарын уа­қытылы жүргізу үшін ауыл ша­руашылығы өндірушілеріне 396,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Энер­гетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. 2021 жыл­ғы 22 қазандағы жағдай бо­йынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның тек 370,1 мың тоннасы (93%) ғана тиелген. Яғни, биыл қамбалар, элева­торлар жартылай бос тұр: рес­пуб­ликадағы астық сақтайтын ны­­сандардың жалпы сыйымды­лы­ғы – 29,4 млн тонна. Оның ішін­­де астық қабылдау кәсіп­орында­ры – 12,8 млн тонна, ауыл шаруа­­шы­лығы өндіру­ші­лерінің қой­ма­ла­ры – 16,6 млн тонна. 15 қазан­дағы жағдай бо­йынша 3,5 млн тонна астық сақ­тауға жөнелтілді. АШМ «жиналған дақыл са­пасының жоғары» екеніне қуа­нып әлек. Биыл астықшылар мен элеваторлар ылғал астықты кептіруге газ бен дизель таппай қиналды. Осы азғантай астықтың қаншасы қызып, құрып кеткені айтылмады.

Елдос СЕНБАЙ