Жалғызбасты анаға жаны ашыған адамдар оған 5 күннің ішінде үй әперді
Жалғызбасты анаға жаны ашыған адамдар оған 5 күннің ішінде үй әперді
192
оқылды
Орал қаласының тұрғыны,  көпбалалы ана баспаналы болды. Оның үлкен қызы науқас. Дәрігерлер жұмсақ тіндердің саркомасы деген диагноз қойған. Әлеуметтік желіде chelovekvmaskee лақап атымен танымал жігіт бұл жағдайдан хабардар болып, жомарт жандардың көмегімен тұрмысы төмен отбасына баспана сыйлады. Бетперде киген адам біраз уақыттан бері мұқтаж адамдарға көмектесіп жүр. Ол Instagram-дағы chelovekvmaskee парақшасына видео жариялағаннан кейін көмек бергісі келетін қазақстандықтар қатары көбейген. Жалғызбасты анаға жаны ашыған ел ақшаны небәрі бес күн ішінде жинаған. Мұндайды күтпеген әйел жаңа үйіне келіп, оны өзіне сыйлағанын білгенде көз жасына ерік берді.
"Мен ешқашан осындай үйім болады деп ойлаған жоқпын. Қатты қуанып тұрмын. Алладан мен көрген қорлықты көрмеулеріңізді тілеймін", – деді көпбалалы ана.