Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды
Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды
Фото: yandex.kz
197
оқылды
Атырауда Жайық жағасынан әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазанда Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
"Кеше, 23 қазанда сағат 08:04 шамасында Балықшы шағынауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайтын көпірдің астында өзен жағасында белгісіз адамның денесі табылды. Табылған адам 1968 жылғы әйел екені анықталды", - делінген хабарламада.
Бүгінде бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен соталды тергеу жүріп жатыр.