Әкесі мен баласы балық аулауға барып, суға батып кетті
Әкесі мен баласы балық аулауға барып, суға батып кетті
Фото: ТЖМ-нен алынды
446
оқылды

Әкелі-балалы екеуі балық аулап жүріп суға батып кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 24 қазан күні Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылында болды.

56 жастағы тұрғын мен оның 9 жастағы баласы балық аулау кезінде қолдан жасалған қайық аударылып, Деркөл өзеніне батып кеткен.

Жергілікті тұрғындар марқұмдардың денесін сағат 17:30-да шығарды. Оқиға орнына құтқарушылар да барды.

Бұған дейін немересін құтқарамын деп атасы суға кеткені туралы жазған болатынбыз.