Әкелі-балалы екеуі балық аулап жүріп суға батып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 24 қазан күні Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылында болды.Жергілікті тұрғындар марқұмдардың денесін сағат 17:30-да шығарды. Оқиға орнына құтқарушылар да барды.56 жастағы тұрғын мен оның 9 жастағы баласы балық аулау кезінде қолдан жасалған қайық аударылып, Деркөл өзеніне батып кеткен.
Бұған дейін немересін құтқарамын деп атасы суға кеткені туралы жазған болатынбыз.