Құбыр ұрлаған ұрыларды ит ұстап берді
Құбыр ұрлаған ұрыларды ит ұстап берді
383
оқылды

Рolisia.kz-тің жазуынша, полиция иттің көмегімен ұрыларды ұстады.

Биыл 20 қазан күні Тереңкөл ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтың басшысы шағымданған. Ол шаруа қожалығының аумағын қоршап тұрған металл құбырлардың ұрланғанын айтып, арызданды.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Альдо есімді иісшіл ит те ұрлықтың ашылуына атсалысты. Ит оқиға орнында аяқкиімнің ізімен осы ауылдағы ұрының үйіне тура алып барды. Қора-қопсы маңайындағы сабанның астына жасырылған, ұрланған құбырларды тауып берді», – деді полицей.

[caption id="attachment_167426" align="aligncenter" width="1080"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Күдіктілер анықталды. Ұрланған мүлік тәркіленді.

Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері иттердің көмегімен 293 қылмыс ашылды.