Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа арғымақ ат мінгізіп, тазыны сыйға тартты – видео
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.
Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», – деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін "Қазақы төбет пен тазы жойылмасын десек..." деп жазған болатынбыз.
[caption id="attachment_167442" align="alignnone" > ©akorda.kz[/caption]